Accessibility links

Еурокомиссиясының президенті Еуроодақ басшыларын Франциядағы сәтсіздіктен кейін ойлануға шақырады


ЛОНДОН. Кеше Франциядағы референдумда дауыс берген сайлаушылардың 55 пайызға жуығы Еуроодақтың жаңа Конституциясының жобасын мақұлдамады. Еуропа Комиссиясының президенті Жозе Мануэль Баррозу Еуроодақ басшыларын Франциядағы сәтсіздіктен кейін ойлануға шақырды.

- Бұл “біз проблемаға тап болдық” деген сөз. Біз өте қиын проблемаға тап болдық. Франция – Еуроодақтың ең маңызды мүшесі, Еуроодақтың құрылтайшы мүшесі. Еуропа Франциясыз “жүкті” бола алмайды. Ендігі жерде жақсылап ойлану үшін бізге уақыт керек, - деп мәлімдеді Баррозу.

Британ премьері Тони Блэр Ұлыбританияда осындай референдум өткізу туралы әлі ешқандай шешім қабылданбағанын хабарлады. Германия канцлері Г.Шредердің атап көрсетуінше, Франциядағы референдумның нәтижесі, әрине, ауыр соққы болды, бірақ ол Конституцияның “ақыры емес”.
XS
SM
MD
LG