Accessibility links

Қырғызстан үкіметінің ең басты 2 міндеті – жемқорлық пен кедейшілікке қарсы күрес


ВЕНА. Бүгін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым Кеңесінің Венадағы отырысында Қырғызстан президентінің міндетін уақытша атқарушы Қ.Бәкиев сыбайластық жемқорлық пен кедейшілікке қарсы күрес - өзі бастаған үкіметтің ең басты міндеттері болады деп атап көрсетті. Ол, сондай-ақ, Қырғызстанда 10 шілдеде өтетін кезектен тыс президент сайлауына байланысты аталмыш Еуропалық ұйым ұсынған кеңестердің көбін қырғыз үкіметінің қабылдағанын хабарлады.

- Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның демократиялық институттар және адам құқықтары бойынша Бюросы Қырғызстандағы кезектен тыс президент сайлауын өткізуге байланысты бастапқы ұсыныстарын қабылдап, оны Жогорку Кенеш пен Орталық сайлау комиссиясына жолдады. Біз ол ұсыныстардың көбін қабылдадық, – деп мәлімдеді Қ.Бәкиев.
XS
SM
MD
LG