Accessibility links

Еурокомиссия: Еуроодақ Конституциясын мақұлдау мен Еуроодақты кеңейту – екі бөлек процесс


БРЮССЕЛЬ. Еуропа Комиссияның мәлімдеуінше, Еуроодақ Kонституциясын мақұлдау мен Еуроодақты кеңейту – екеуі екі бөлек процесс. Еурокомиссия өкілінің айтуынша, Еуроодаққа мүше болып қабылдануы мүмкін Түркия мен Хорватияның өтініштерін Франциядағы референдумның нәтижесімен байланыстыруға болмайды. Еуроодақтың тез кеңеюі - француздардың Еуроодақ Конституциясына қарсы дауыс беруіне түрткі болған көп себептің бірі саналып отыр. Түрік сыртқы істер министрі Абдулла Гүл Брюссельмен арада 3 қазанға белгіленген келіссөз болады деп мәлімдеді. Еуроодақтың сыртқы саясат жетекшісі Хавьер Солана референдумдағы сәтсіздікке бола психологиялық дерт туғызуға болмайды деп атап көрсетті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG