Accessibility links

Ирақта тағы 27 адам қаза болып, 100-ден аса кісі жараланды


БАҒДАД. Бүгін Ирақтың Хилла қаласында қатарынан 2 жарылыс болып, соңғы дерек бойынша одан кем дегенде 27 Ирақ азаматы қаза болып, 100-ден аса кісі жараланды. Полицияның хабарлауынша, 2 жанпидашыл-лаңкес жүзеге асырған жарылыстың бірі полицейлердің кешіктірілген айлық жалақыларын алуға жиналған кезінде, екіншісі – бірінші жарылыстан полицейлер жан-жаққа бытырай қаша жөнелген сәтте жарылған. Бұл қастандықты өзінің интернет-парақшасы арқылы “Әл-Қаида” ұйымының Ирақтағы Әбу Мұсаб Әз-Зарқауи бастаған тобы өз мойнына алды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG