Accessibility links

Соңғы екі күнде Өзбекстанда 20-ға жуық оппозиция белсендісі тұтқындалды


ТАШКЕНТ. “Бірлік” оппозициялық партиясының жетекшісі Васила Иноятованың бұқаралық ақпарат құралдарына хабарлауынша, партияның кемінде 20 мүшесі Әндіжандағы толқуларға қатысы болған Исламшыл көтерілісшілерін жасырған деген айыптармен қамауға алынған. Ресейдің “Мемориал” атты құқық қорғау ұйымы тұтқындалғандардың барлығы елдің шығысындағы Ферғана жазығынан, яғни Әндіжаннан келген дейді. Интернеттегі Өзбекстанның оппозициялық бағытындағы «Фергана ру» сайтының хабарлауынша, қамауға алынған белсенділер Өзбекстан үкіметінен тығылып, Ташкентке басқосуға келген. Ресми Ташкент Әндіжандағы қантөгісте 173 адам қаза болған десе, жергілікті адам құқын қорғаушылар Ферғана жазығындағы толқуларда 1000-ға жуық кісі құрбан болды дейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG