Accessibility links

Интернетте пайда болған аудио-жазбаның Ирақтағы “әл-Қаида” жетекшісіне қатысы бар ма?


БАҒДАД. Интернетте Ирақтың іздеуіндегі бірінші адам - Әбу Мусаб әл-Зарқауидің дауысы жазылған жаңа аудио жазба пайда болды. Ол жазбада әл-Зарқауи жақында жарақат алғанын растайды, бірақ ол “қатты жараланбадым” дейді. Алайда, бұл расында да әл-Зарқауидің дауысы ма немесе басқа адамның дауысы ма – әлі белгісіз. Сонымен қатар, кеше Ирақтың Хилла қаласында орын алған екі жарылыстан кем дегенде 20 адам қаза болып, 100-ге жуық кісі жараланды.
XS
SM
MD
LG