Accessibility links

Дж.Буш Әндіжандағы қантөгіске тәуелсіз халықаралық тергеу жүргізілгенін қалайды


ВАШИНГТОН. Кеше АҚШ президенті Дж.Буш Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы халық толқуын үкімет армиясының аяусыз басып-жаншуын Халықаралық Қызыл Крест комитеті тергеуге тиіс деген мәлімдеме жасады. Вашингтонда өткізген баспасөз-маслихатында ол адам құқын барлық ел құрметтеуге тиіс деді:

- Біз Халықаралық Қызыл Крест ұйымын Әндіжандаға оқиғаны тергеуге шақырдық. Біз өзіміздің достарымызды да, дос емес елдерді де адам құқын құрметтеп, кішігірім халықтардың мүдделерін қорғауға шақырамыз. Бұл – салиқалы да тыныш әлемнің құрамдас бөлігі. Бұл – үкіметтердің шынында да адам құқын сыйлайтын әлем болуға тиіс.

Өзбекстан – АҚШ-тың терроризмге қарсы күресіндегі сенімді одақтасы. АҚШ Өзбекстанның Ханабад әуе базасын жалға алып отыр.
XS
SM
MD
LG