Accessibility links

Францияның ізінше бүгін Голландия да Еуоодақ конституциясын мақұлдамауы мүмкін


АМСТЕРДАМ. Бүгін Голландияда Еуроодақтың жаңа Конституциясы бойынша референдум өтеді. Қоғамдық сауалнама жаңа 10 мемлекеттің 2004 жылы Еуроодаққа мүше болып қабылдануынан кейін, одақ ішінде шешім қабылдауды жеңілдету жөніндегі келісімге Голландия халқының басым бөлігінің күдікпен қарайтынын көрсетіп берді. Кеше премьер-министр Ян Питер Балкененде Голландия 25 мүшесі бар Еуроодақ ішінде өзінің ықпалын жоғалтпайды деп мәлімдеп, сайлаушыларды Конституцияны қолдап дауыс беруге үндеді. Францияның ізінше бүгін Голландия да Конституцияны мақұлдамайтын болса, дағдарыс тереңдей түседі.
XS
SM
MD
LG