Accessibility links

БҰҰ-ы: Халықаралық күштер “саяси процестер аяқталғанша” Ирақта қалады


НЬЮ-ЙОРК. БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі Ирақтағы халықаралық күштердің мандатын ұзартуға келісімін берді. Өзінің осы Қарарында Қауіпсіздік Кеңесі халықаралық күштер Ирақтағы “саяси процестер аяқталғанша” қалуға тиіс деп көрсетті. Халықаралық күштердің мандаты Ирақтың өтініші бойынша ұзартылды. Бірақ, сонымен бірге, Ирақтың сыртқы істер министрі Хошьяр Зебари АҚШ пен басқа елдерді көпұлтты күштердің мандатын қысқарту үшін көмектерін ұлғайтуға шақырып отыр. Қосымша көмек мәселесін талқылау үшін бүгін Х.Зебари Вашингтонда АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райспен кездесуге тиіс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG