Accessibility links

Палестина мен Израиль лидерлерінің екінші бас қосуы 21 маусымға тағайындалды


ТАЯУ ШЫҒЫС. Кеше Иордания ауруханасында Палестина лидері М.Аббастың жүрегіне қан айналымын жақсартатын ем жасалды. 70-ке жақындаған М.Аббас кеше өзінің қатты шаршағанына арызданған соң ауруханаға жатқызылды. Басқа хабарларға қарағанда, М.Аббас Рамаллаға бүгін оралуға тиіс. Кеше Палестина мен Израиль лидерлерінің өзара екінші кездесуі 21 маусымға тағайындалып, тараптар 3 айлық бітімнің қорытындысын, Израильдің Газа аймағынан кету жоспарын, Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы қалаларды Палестинаның құзырына беру және палестиндік тұтқындарды босату мәселелерін талқыламақшы. Мысырдағы бірінші бас қосуы кезінде М.Аббас пен А.Шарон 4.5 жылға созылған қантөгістен кейін бітімге келген болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG