Accessibility links

20 адам Ауғанстандағы соңғы қастандықтың құрбаны болды


КАБУЛ. Ауғанстанның Қандағар қаласында болған террористік қастандықтан соңғы мәлімет бойынша 20 адам құрбан болып, 50-ден аса кісі жарақат алды. Құрбандардың ішінде Кабул полициясының бастығы да бар. Жарылыс президент Хамид Қарзайды қолдайтын белгілі діни қайраткерді еске алу рәсімі өтіп жатқан жергілікті мешітте болды. Жарылғышты жанпидашыл-лаңкес іске қосты. Ауғанстан үкіметі бұл қастандықты сөзсіз “Әл-Қаида” ұйымының содырлары ұйымдастырды деп есептейді.
XS
SM
MD
LG