Accessibility links

Екі елдегі референдумның сәтсіз аяқталуына қарамастан Еуроодақ жаңа Конституция жобасын мақұлдау процесін жалғастыра бермекші


АМСТЕРДАМ. Голландияда кеше болып өткен референдумда сайлаушылардың 62 пайызға жуығы Еуроодақтың Конституциясына қарсы дауыс берсе, 38 пайыздайы ғана қолдады. Референдумға сайлаушылардың 63 пайызы қатысты. Еурокомиссияның президенті Жозе Мануэль Баррозу Франция мен Голландиядағы референдумда мақұлданбаған жаңа Конституцияның тағдыры Еуроодақ басшыларының 16-17 маусымдағы кездесуінде талданады деп хабарлады. Еуроодаққа төрағалық етуші Люксембургтің премьер-министрі Жан-Клод Юнкер жаңа Конституцияның жобасын мақұлдау процесі өзге елдерде жалғаса беруі керек деп мәлімдеді. Британ сыртқы істер министрі Джек Строның пікірінше, Франция мен Голландиядағы сәтсіздіктен кейін Еуроодақтың болашағы бұлыңғыр бола түсті. Бірақ ол Еуроодақтың жаңа Конституциясы бойынша Ұлыбританияда референдум бола ма, жоқ па, оны айтпады. Жаңа Конституция күшіне енуі үшін оны Еуроодаққа мүше барлық 25 ел түгел мақұлдауға тиіс.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG