Accessibility links

Ауған үкіметі Қандағар мешітіндегі шабуылды “Әл-Қаида” ұйымдастырды деп есептейді


КАБУЛ. БҰҰ-ының Бас хатшысы К.Аннан да Ауғанстанның Қандағар қаласындағы 20 адам, оның ішінде Кабул полициясының бастығы қаза болып, 50-ден аса кісі жарақат алған шабуылға наразылығын білдірді. Осыған байланысты жолдаған хатында К.Аннан, оның өз сөзімен айтқанда, “бірнеше жылдан соң Ауғанстанда бейбіт халыққа қарсы бағытталған ең ірі қантөгіске” шошынып, наразы болғанын білдіреді. Ауғанстан президенті Х.Қарзай бұл қастандықты ислам мен ауған халқының қорқақ жауларының асып-сасқан шарасы деп бағалап, тергеуге бұйрық берді. Ауған үкіметі бұл қастандықты “Әл-Қаида” ұйымының содырлары ұйымдастырды деп есептейді.
XS
SM
MD
LG