Accessibility links

Ташкент Әндіжандағы қантөгісті тергеуге халықаралық сарапшыларды жіберуге әлі де қарсы


ТАШКЕНТ. Өзбекстан үкіметі Әндіжандағы қантөгістің жай-жапсарын тергеудің барысын қадағалау үшін Ташкенттегі шетелдік елшіліктердің қызметкерлерінен жасақталған жұмысшы тобын құруды ұсынып отыр. Ол жайында журналистерге кеше Өзбекстанның сыртқы істер министрі Эльяр Ғаниев хабарлады. Сонымен бірге өзбек министрі тергеуге халықаралық сарапшыларды жіберу туралы талапқа ресми Ташкенттің әлі де қарсы екенін атап көрсеті. Ресми мәліметке сәйкес, Әндіжандағы халық толқуы кезінде 173 адам құрбан болған, ал адам құқын қорғаушылар 1 мыңға жуық бейбіт халық қырылды деп мәлімдейді.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG