Accessibility links

Еуроодақтың болашағы одақ басшыларының 16-17 маусымдағы арнайы бас қосуында талқыланады


БРЮССЕЛЬ. Германия канцлері Герхард Шредер Еуроодақтың жаңа конституциясына қарсы дауыс берген Франция мен Голландиядағы сәтсіз референдумды драмаға айналдырмауға шақырды. Бұл пікірін Г.Шредер Брюссельде Еуроодаққа төрағалық ететін Люксембургтің премьер-министрі Жан-Клод Юнкермен кездесуінен кейін білдірді. Еуроодақтың болашағы одақ лидерлерінің 16-17 маусымда өтетін арнайы бас қосуында талқыланбақшы. Жаңа конституция күшіне енуі үшін оны Еуроодақтың барлық 25 мүшесі мақұлдауға тиіс. Әзірше оны Еуроодақтың 9 елі мақұлдады. Ресми Вашингтон конституция маңайындағы осы сәтсіздікке қарамастан Еуроодақ АҚШ-тың халықаралық серіктесі болып қала береді деген үмітін білдірді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG