Accessibility links

Ирақты қалпына келтіру мәселесімен Брюссельде өтетін конференцияға Иранның қатысуына Вашингтон қарсы емес


ВАШИНГТОН. Иран Ирақты қалпына келтіру мәселесі бойынша Ирақ, АҚШ және Еуроодақ өкілдерінің осы айда өтетін бас қосуына қатыспақшы. Бейсенбі күні Вашингтонға сапары барысында Еуроодаққа төрағалық етуші Люксембургтің сыртқы істер министрі Жан Ассельборн 22 маусым күні Бельгияның Брюссель қаласында өтетін осы конференцияға Иранның да шақырылғанын хабарлады. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс АҚШ пен Еуроодақтың демеуші болуымен ұйымдастырылатын бұл конференцияға Иранның қатысуына қарсылық білдірмеді.
XS
SM
MD
LG