Accessibility links

Израилдың әскери шенеуніктері өткен аптаның аяқ кезінде Сирия үш Скад зымыранының сынағын өткізді деп айтқан


Олар бұл 2001 жылдан бері Сирия өткізген алғашқы зымыран сынағы дейді. Хабарларға қарағанда зымыранның бірінің қалдықтары Түркия жеріне түскен. Жараланған ешкім жоқ. «Нью-Йорк таймс» газеті Түркияның АҚШ-ғы елшісі Осам Фарук Логогұлының "бұл жайтты Сирия әскери жаттығулар барысындағы техникалық қатеге жатқызды" деген сөздерін келтірген. Израилдың әскери ресмилері өз мемлекетінің Дамаск зымырандарды химиялық заттарға бейімдеп жатыр деп алаңдайтындығын айтқан.
XS
SM
MD
LG