Accessibility links

АҚШ мемлекеттік департаменті егер адам саудасына қарсы күреспейтін болса, Азия мен Африкадағы 14 елге санкция жарияламақ


Адам саудасы Парсы шығанағы елдері Сауд Арабиясы, Кувейт, Қатар және Біріккен Араб Әмірлігінде ушығып тұр екен. Бұл елдерге жыныстық қанау құрбандары, әйел-қыздар, балалар Иран, Ауғанстан және бұрынғы советтік аймақтан көптеп әкелінеді. Сондай-ақ, адам саудасы тізімінде Армения, Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан, Украина және Словакия бар.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райстың айтуынша, биылғы баяндама адам саудасын азайтуға ықпал етпек. АҚШ мемлекеттік департаменті 150 елдегі жағдайды тексере келе анықтағаны – жыл сайын 600 мыңдай әйел, қыз, бала шекара асып ұрланып, сатылып кетеді екен.
XS
SM
MD
LG