Accessibility links

Бүгін Палестина басшысы Махмұд Аббас алдағы айға белгіленген парламент сайлауын кейінге қалдырған қаулыны жария етті


Аббас 17 шілдеде өтуге тиіс парламент сайлауын дауыс беру заңына байланысты дауларды шешу үшін кейінге шегеріп отырмыз деп түсіндірген. Алайда, радикалды «Хамас» исламдық тобы бұл қадам Аббастың биліктегі Фатах фракциясынан да біздің сайлауда көп дауысқа ие болып кету мүмкіндігімізден сақтанғандықтан жасалып отыр деп айтқан.

Сайлаудың кейінге шегерілуі Фатах пен Хамас арасындағы күрделі қарым-қатынасты өршіте түсуі мүмкін. Израилға қарсы бағыттағы Хамас тобы Аббастың парламент сайлауы арқылы билікті бөлісуге уәде еткеніне орай, осы жылдың соңына дейін тыныштықты сақтаймыз деген болатын. Парламент сайлауының қашан болатындығы белгісіз.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG