Accessibility links

Оппозицияны қолдаушы мыңдаған адам сенбі күні Баку орталығына жиналып, Әзербайжан үкіметінен алдағы қарашада өтетін парламент сайлауының еркін және әділ өтуін талап етті


Жеңіс алаңына жиналған олар «Еркін сайлау», «Азаттық» деп ұрандатып тұрды. Оппозиция шеруін коалициядағы Мусават, Реформашылдар Майданы және Әзербайжан Демократиялық партиясы ұйымдастырды. Бұл шеру тыныштау өткенімен, мамырдың 21-і күні өткен ереуіл кезінде полиция және шерушілер арасында қақтығыс болып, оппозициядан 75 белсенді тұтқындалған еді.
XS
SM
MD
LG