Accessibility links

Бүгін Ливанда төрт кезең бойынша өтетін парламент сайлауының екінші кезеңінде елдің оңтүстік аймағында дауыс беру жүріп жатыр


Шииттер көпшілік болатын бұл өңірде сирияшыл "Хезболла," "Амал" қозғалыстарының өкілдері жеңіске жетуден үмітті. Дауыс беруге 665 мыңнан астам сайлаушы қатысуда.

Мамырдың 29-ында өткен дауыс беру нәтижесі бойынша, биылғы жылы қастандықпен өлтірілген бұрынғы бас министр Рафиқ Хариридің баласы Саад Харири бастаған Сирияға оппозициялық бағыттағы кандидаттар парламенттегі 19 орынды жеңіп алған болатын.
XS
SM
MD
LG