Accessibility links

Иран Еуроодақпен жазда өтетін келіссөзіне дейін уранды байыту өндірісін тоқтатады


ТЕҺРАН. Кеше Иран Ислам Республикасының ресми ақпарат агенттігі хабарлағандай, Иран өзінің негізгі ядролық бағдарламасын уақытша тоқтатуын жалғастырады. Бұл қадамға ресми Теһран Еуроодақпен арада өткен айда болып өткен келіссөзге сәйкес барып отыр. Оның барысында Иран келіссөздің жазда өтетін кезекті сатысында Еуроодақтың өзіне тиімді ұсыныстарын ойластыруына қарауына келіскен болатын. Иранның Ұлттық қауіпсіздігі жөніндегі Жоғарғы Кеңестің өкілі Әли Ағамұхаммади (Ali Aghamohammadi) өз ұсыныстарын жан-жақты қарастыруға еуропалықтардың шілде айының соңына дейін уақыты болады деп атап көрсетті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG