Accessibility links

Ливанда парламент сайлауының бірінші турында Сирияға қарсы оппозиция, екінші турында Сирияны қолдаушылар жеңіске жетті


БЕЙРУТ. Ливанда парламент сайлауының екінші турында бастапқы қорытынды бойынша дауыс салынған 23 депутаттық мандаттың барлығын Сирия демеп отырған исламшыл “Хезболла” ұйымы мен шийт мұсылмандарының “Амаль” партиясы жеңіп алды. “Амаль” партиясының лидері әрі парламент спикері Набиһ Барри осылай деп мәлімдеді. Парламент сайлауының өткен жексенбі күні Бейрутта болған бірінші турында керісінше Сирияға қарсы оппозициялық бірлестік басым дауыспен жеңген болатын. Ливандағы парламент сайлауы екі жексенбі жалғасып маусымның соңында аяқталады. Екінші турдың ресми нәтижесі бүгін мәлім болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG