Accessibility links

Ходорковский мен Лебедевтің істері – Ресейдегі қаржыгерлерге қарсы ең соңғы қылмыстық іс емес


МӘСКЕУ. Ходорковский мен Лебедевтің істері – Ресейдегі қаржыгерлерге қарсы ең соңғы қылмыстық іс емес деп мәлімдеді Ресей Бас прокурорының орынбасары Владимир Колесников. Кеше НТВ телеарнасына берген сұхбатында ол: “Біздің қолымызды басқа да істер бар” деп атап көрсетті. “ЮКОС” мұнай компаниясының бұрынғы иесі М.Ходорковский бірнеше айып бойынша 9 жыл мерзімге кесілді. Оның өзі мен жақтастары оппозицияны қолдағаны үшін Кремльдің тапсырысы бойынша жазаға тартылғандарын мәлімдеді. Ал Кремль мұны жоққа шығарып келеді. В.Колесниковтың атап көрсетуінше, “ЮКОС” компаниясының тағы бір иесі Леонид Невзлиннің де ауыр қылмыстарға қатысы бар. Л.Невзлин қазір Израильде бас сауғалап жүргенге ұқсайды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG