Accessibility links

Бүгін Ливандағы парламент сайлауының нәтижесі жариялануға тиіс


БЕЙРУТ. Бүгін Ливандағы парламент сайлауының жексенбіде болып өткен екінші сатысының ресми нәтижесі жариялануға тиіс. Бірақ Сирияны жақтайтын “Хезболла” қозғалысы мен шийттердің “Амаль” партиясы елдің оңтүстік 2 ауданына бөлінген 23 депутаттық орынды түгел жеңіп алғанын мәлімдеп отыр. Ливандағы бұл парламент сайлауы – елден сәуір айында Сирия армиясы шығарылысымен өтіп жатқан бірінші сайлау. Ол алдағы екі жексенбіден кейін 19 маусымда аяқталуға тиіс. Сайлаудың алдыңғы жексенбіде Бейрутта өткен бірінші турында Сирияға қарсы оппозициялық күштердің саяси бөлігі 19 мандатты түгел жеңіп алған болатын.
XS
SM
MD
LG