Accessibility links

Палестина автономиясының бұрынғы лидері Я.Арафаттың мұражайы ашылады


ТАЯУ ШЫҒЫС. Палестинада автономияның бұрынғы лидері Ясир Арафаттың өмірі мен істеріне арналған мұражай ашылмақшы. Палестина басшылығы марқұм болған лидерінің жеке мүлкі мен заттарының көпшілік назарына мұражайға қойылуына келісімін берді. Мұражайдың қайда ашылатыны әзірше белгісіз.

Ясир Арафат - өткен жылдың қараша айында 75 жасында қайтыс болды. Ол Палестинаны азат ету қозғалысына 30 жылдан астам уақыт жетекшілік етті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG