Accessibility links

Қазақстанда полицияға көмекші 84 студент тобы жұмыс істейді

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Қазақстан ішкі істер министрлігінің деректері бойынша, өткен жылдың 4 айымен салыстырғанда биыл елде жастар арасындағы қылмыс 2,4 пайызға көбейген. Ал елде полицияға көмектесетін 1700 студент жастар бар. 35 отрядтағы 458 жас колледждерде қызмет атқарады.

Жастардың қоғамдық тәртіпті сақтауға ат салысуы жастар арасындағы қылмыстың алдын алуға ықпал етеді дейді Қазақстан ішкі істер министрлігінің жасөспірімдер ісі жөніндегі бөлімінің бастығы Асқар Қажмағанбетов. Ол жас сақшылардың өз оқу орындарында болатын әртүрлі шаралар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысатынын айтады.

- Олар ішкі істер басқармаларындағы жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторларға тәртібі төмен балалармен жұмыс істеуіне көмектеседі. Жас сақшылар полициямен қоян-қолтық жұмыс істей бастағаннан кейін құқықтық сауаттылықтары да өсе түседі, - дейді Асқар Қажмағанбетов.

Оның айтуынша, жастар арасындағы қылмыс әлі де проблема күйінде қалып отыр. Ол Павлодар облысының Екібастұз қаласында полицияға көмектесетін жас сақшылар отрядындағы 62 студенттің әрбір учаскелік полиция бөлімшесіне бекітіліп қойған.

- Бұл отряд мүшелері қаладағы қоғамдық көліктерде тегін жүреді және олардың көмегімен өткен жылы 17 қылмыстың беті ашылды, - дейді А.Қажмағанбетов.

Алайда, ішкі істер министрлігінің өкілі жас сақшылардың республика бойынша қанша қылмысты ашуға атсалысқандығы туралы мәлімет жоқтығын атайды. Астанадағы мектептердің біріндегі жоғары сынып оқушысы Айнұр жастары жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторларға көмектесетін жас сақшылар отрядының құрылуын құптайды.

- Астанадағы Сарыарқа ауданы бойынша полиция учаскесінің мамандары бізге қалай қорғану керектігін үнемі үйретеді. Біздің сыныпта қоғамдық тәртіпті сақтауға ат салысатын арнайы топ бар. Оған көбіне ер балалар қатысады. Қызығушылық білдіретін қыздар да бар, - дейді Айнұр.

Айнұрдың құрбысы Гүлзат та жас сақшылар отряды жұмысын құптайды. Жол тәртібін сақтауға көмектесетін жас сақшылар кішкентай балалардың жолдан өтуіне, тіпті оларды ренжітіп жатса оған да олар көмектеседі. Бір жағынан өз құқықтарын білуге үйренеді дейді ол. Гүлзаттың пікірінше, жастар арасындағы қылмыс отбасындағы тәрбиеден және бала араласатын ортаға байланысты дейді.

Ал Еуразия ұлттық университетінің студенті Айда Тұрдалиева полиция көмекшісі жұмысын өзінің атқара алмайтынын айтады. Ресми деректерге қарағанда, биылғы жылдың жазында Шығыс Қазақстан облысының Зыряновск қаласында колледждің 50-ге тарта оқушысы полицейлерге көмектеспек екен.
XS
SM
MD
LG