Accessibility links

Израиль полициясы мен палестиндіктердің арасында қақтығыс болды


ИЕРУСАЛИМ. Хабарларға қарағанда, Иерусалимдегі “әл-Ақса” мешітінің жанында Израиль полициясы бірнеше палестиндікке қарай гранат тастаған. Иерусалимдегі полиция өкілі Шмуель Бен-Руби бұл шара палестиндіктер полиция қызметкерлері мен біп топ еврейге тас лақтырған соң іске асырылған дейді. Оның айтуынша, бұл қақтығыстан кейін бір палестиндік қамауға алынған. Бүгін Израиль халқы “Иерусалим күнін” атап өтуде.
XS
SM
MD
LG