Accessibility links

Косовоның экс-премьері Гаага трибуналының абақтысынан босатыла ма?


ГААГА. Дүйсенбі күні Гаага трибуналы халықаралық трибуналға өз ықтиярымен берілген Косово өлкесінің бұрынғы премьері Рамуш Харадинайды сотқа дейін абақтыдан босату туралы өкім шығарды. Косовоны азат ету армиясының бұрынғы қолбасшысы Харадинайға адамзатқа қарсы қылмыстар істеді, Косово өлкесінде 1990 жылдардың басындағы жанжал кезінде сербтерді жаппай қырып-жойып, оларды өлкеден күштеп жер аударды деген айыптар тағылып отыр. Ол айыптарды мойындамайды. Халықаралық трибуналдың бас прокуроры Карла дель Понте ханым Харадинай соттан қашуы мүмкін деп сескеніп, оны уақытша босатуға қарсы болды. Соттың өкімін 1 тәуліктің ішінде бұздыруға болады.

AzattyqTV

24 наурыз

AzatNews

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG