Accessibility links

Ресей Грузиямен арадағы шекара күзетін күшейтпекші


МӘСКЕУ. Кеше Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Иванов Ресей мен Грузия арасындағы шекараның күзетін күшейтуге қосымша 2 мотоатқыштар бригадасы жіберілетінін мәлімдеді. Министрдің атап көрсетуінше, бұл шара Грузия жерінен Ресейге экстремистердің өтуіне жол бермеу мақсатында жүзеге асырылмақшы. Орыс-грузин шекарасын күшейтуге 1 млрд рубль қаржы бөлінеді деп мәлімдеді С.Иванов. Ресейдің қорғаныс министрі, сондай-ақ, Ресейдің Грузиядағы 2 әскери базасын шығару 2008 жылы аяқталатынын растады.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG