Accessibility links

Бүгін Солтүстік Осетияның басшысы билік құзырын мерзімнен бұрын тапсырады


ВЛАДИКАВКАЗ. Бүгін Солтүстік Осетияның президенті Александр Дзасохов билік құзырын мерзімінен бұрын тапсырады. Президенттің баспасөз-қызметінен хабарланғандай, А.Дзасохов бүгін республика парламентінің кеңейтілген отырысында сөз сөйлеуге тиіс. Солтүстік Осетияның басшысы биліктен кететіні жөніндегі өтінішін өткен аптада берді. Бірақ, оның себебін ашып айтпады. Өткен жылдың күзінде «Беслан трагедиясының» ізінше қаза болғандардың туыстары А.Дзасоховтың биліктен кетуін бірнеше рет талап еткен болатын. Ресей президенті В.Путин республика басшылығына Солтүстік Осетия парламентінің спикері Таймураз Мансуровты ұсынады деген пікір бар.
XS
SM
MD
LG