Accessibility links

«Хезболла» тобының саяси жетістігі Вашингтонның оны террористік топ ретінде қарастырған көзқарасын өзгертпейді


ВАШИНГТОН. АҚШ президентінің баспасөз-хатшысы Скотт Маклелланның мәлімдегеніндей, ресми Вашингтон Ливандағы «Хезболла» ұйымын террористік топ ретінде қарастырады және оның қарусыздануын талап етеді. С.Маклелланның атап көрсетуінше, «Хезболла» ұйымының саяси жетістігі оны террористік топ ретінде қарастырған Вашингтонның көзқарасын өзгерте алмайды. Ливандағы парламент сайлауының осы жексенбіде өткен екінші турында «Хезболла» тобы мен шийттердің «Амаль» партиясының саяси блогы елдің оңтүстік аудандарына бөлінген 23 депутаттық орынның барлығын жеңіп алған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG