Accessibility links

Американың бұрынғы президенті Джимми Картер АҚШ-ты Кубадағы Гуантанамо тұтқындар базасын жабуға шақырып отыр


Бұл арқылы Америка өзінің адам хұқтарын қорғайтынын көрсетеді деді Дж.Картер Атланта қаласында өткен баспасөз-мәслихатында. Гуантанамодағы түрмеде терроризмге қатысы бар деп күдіктелген жүздеген адам үш жылдан астам уақыттан бері тұтқында отыр.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Гуантанамо базасы ғана емес, Ирақтағы, Ауғанстандағы түрмелерде тұтқындарға түрлі азаптаулар көрсетілуде деген хабарлар Америка үшін түрлі қиындықтар туғызуда деп атап көрсеткен.
XS
SM
MD
LG