Accessibility links

Түркия премьері Ердоған АҚШ президенті Буштан Ирақтағы күрд экстремистеріне қарсы шара қабылдауды өтінбекші


ВАШИНГТОН. Бүгін Вашингтонда АҚШ президенті Дж.Буш пен Түркия премьері Реджеп Тайып Ердоғанның арасында келіссөз өтуге тиіс. Оның барысында түрік премьері ресми Вашингтоннан күрд экстремистерінің Ирақтан Түркияға қарай өтуіне жол бермеу шарасын қабылдауды өтінбекші. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райспен жүздескенінде Реджеп Ердоған Түркиядағы терроризм проблемасына ерекше назар аудару қажеттігін мәлімдеп үлгерді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG