Accessibility links

БҰҰ босқындар агенттігінің бас комиссиары Заккагнини өткен айда Әндіжанда болған қырғыннан қашып келген босқындарды Өзбекстанға кері қайтарғаны үшін Қырғызстан әкімшілігін сынады


Комиссиардың айтуынша, ол 4 өзбек босқын азаматының кері қайтарылуы 1951 жылғы босқындар жөніндегі конвенцияны және Қырғызстанның заңын бұзу болып есептеледі екен. Адам құқықтары ұйымының айтуынша, ол төрт адамды енді тергеушілер азаптауы мүмкін.

Ал апта басында Қырғызстан сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Р.Отынбаева егер қылмыскер деп анықталмаса, онда босқындар кері қайтарылмайды деп уәде еткен болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG