Accessibility links

Кеше Өзбекстан өткен айда Әндіжан қаласында болған ереуілдерді өзінің күшпен басып-жаншыған әрекетіне байланысты Европа Одағының айтып жатқан сындарын қабылдамайтыны жайлы мәлімдеме жариялады


Мәлімдемеде Өзбекстан үкіметі атына айтылып жатқан айыптаулар негізсіз, ал13 мамырда не болғанын үкімет өзі зерттеп, тексеретін болады деп жазылған. Сондай-ақ, кеше БҰҰ-ның босқындар мәселесі турасындағы жоғары комиссары өзбек босқындарын Өзбекстанға кері қайтарғаны үшін көршілес Қырғызстан елінің атына сындар айтты.

- Олар саяси қудалаудан қашқандар ма - біз анық білмейміз, дегенмен де олар халықаралық заңдарға сәйкес, баспана іздеген босқындар. Сондықтан да олардың босқындар мәртебесін заңды түрде реттеп, шешу қажет, - деп атап көрсетті халықаралық ұйым өкілі Рупперт.

Өзбек ресмилері 13 мамырдағы Әндіжандағы қантөгісті қақтығыстарда 173 адам мерт болды деп мәлімдеп отырса, халықаралық адам хұқтары белсенділері мен оппозициялық партиялар құрбан болғандар саны бір мыңдай дегенді айтып келеді.
XS
SM
MD
LG