Accessibility links

БҰҰ-ның арнайы тобы Ливанға қашан баратыны әзірге белгісіз


Бас хатшы Кофи Аннан Ливанда Сирияның барлау қызметкерлері әлі күнге дейін қимыл-әрекет етіп жүрген болу керек деген хабарларға көз жеткізу үшін БҰҰ-ның тобын Ливанға жіберетін болып шешкені жөнінде хабарлаған едік. Кеше БҰҰ-ның өкілі Фред Экхард Кофи Аннан бұл ұйғарым турасында Қауіпсіздік кеңесі алдында айтты, бірақ команданың Ливанға қашан аттанатындығының нақты күні аталған жоқ деген.

Өткен айда БҰҰ-ның өкілдігі 29 жыл бойы Сирия әскерлерінің Ливанда тұрған дәуірі аяқталды, бірақ оның барлау қызметтерінің Ливан жерінен біржолата кеткендігінің айқын белгілері байқалмайды деген хабар таратқан болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG