Accessibility links

Әлемнің дәулетті елдері жер бетіндегі ең кедей саналатын 18 елдің 40 миллиард доллар болатын қарыздарын толық кешіруге келісті


Қарыздары кешірілгендердің көпшілігі - Африка елдері. Мұндай келісімге үлкен сегіздік елдері қаржы министрлерінің Лондондағы кездесуінде ұйғарым жасалды. Бұған байланысты Британияның қаржы министрі Гордон Браун былай деді:

- Бұл елдерде күніне 30 мың бала өліп, әр күн сайын 100 миллион бала мектепке бара алмай жатса, шешімді бір әрекет ету қажеттігі анық еді. Біз қабылдаған бұл шараларды көптеген елдердегі ата-аналар қолдаған болар еді. Мен бұл қаржы шын мәнінде қажет еткендерге жұмсалады ғой деп үміттенемін.

АҚШ қаржы министрі Джон Сноу бұл қадамды тарихи жетістік десе, Замбияның қаржы министрі Питер Магэйнд мұны ертегіге ұқсас жағдай деп атады. Дегенмен де Кенияның ұлттық даму және жоспарлау министрі Питер Анянг Нионго бұл Африка үшін жақсы емес дегенді айтқан.
XS
SM
MD
LG