Accessibility links

ФСБ: Грозный-Мәскеу жолаушы поезының апатына теміржол торабындағы жарылыс себеп болған


МӘСКЕУ. Бүгін таңертең «Грозный-Мәскеу» жолаушы поезы Мәскеуден 150 шақырым қашықтықтағы Мәскеу облысына қарасты Узуново бекетінің маңында рельстен шығып, апатқа ұшырады. Федералдық қауіпсіздік қызметінің баспасөз-қызметінің хабарлауынша, темір жол апатына теміржол торабындағы жарылыс себеп болған. Апат болған жерде ені 1 метрге жуық шұңқыр мен рельстердің біріне қарай тартылған темір сым аңғарылған. 15 адам, оның ішінде 1 сәби жарақат алды. Бұл жарылыс Ресейдің ұлттық мерекесі – “Ресей күні” болып отыр. Осы апат бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
XS
SM
MD
LG