Accessibility links

Палестинаның экстремистік топтарды қарусыздандырудан бас тартуы Израильмен арадағы келіссөзді жалғастыруға бөгет болуы мүмкін


ТЕЛЬ-АВИВ. Израиль үкіметінің мәлімдеуінше, Палестина басшылығының экстремистік топтарды қарусыздандырудан бас тартуы екі жақты бейбіт келіссөзді жалғастыруға бөгет болуы мүмкін. Бүгін Израильдің вице-премьері Эхуд Ольмерт егер экстремистік топтарды Палестина басшылығының өзі қолға алмаса, оларға қарсы күресін Израиль армиясы жалғастыра береді деп мәлімдеді. Э.Ольмерт Палестина автономиясының сыртқы істер министрі Нассир Әл-Қидуидің Израиль басқыншылығы аяқталмайынша, автономия басшылығы экстремистік топтарды қарусыздандырмайды деген мәлімдемесіне осылайша жауап берді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG