Accessibility links

Ливандағы парламент сайлауының үшінші кезеңінде Сирияға қарсы саяси күштер жеңіске жетуі тиіс


БЕЙРУТ. Бүгін Ливанда парламент сайлауының үшінші кезеңі өтіп жатыр. Елдің орталық және шығыс аудандарының азаматтары парламенттегі 128 депутаттық орынға өздерінің 58 өкілін сайлауға тиіс. Осы аудандарда сайлаудың үшінші кезеңінде Сирияға қарсы саяси күштер жеңіске жетеді деген пікір бар. Парламент сайлауының Бейрутта болып өткен бірінші кезеңінде Ливанның жыл басында қастандықтан қаза болған бұрынғы премьер-министрі Рафик Әл-Хариридің ұлы – Саад Әл-Харири бастаған оппозициялық бірлестік жеңіске жетсе, елдің оңтүстігінде болған екінші турда – Сирияны қолдайтын “Хезболлаһ” қозғалысы мен “Амаль” партиясы басым дауыс жинады. Ливанда сайлаудың 4 туры өтуі тиіс.
XS
SM
MD
LG