Accessibility links

Ауғанстан үкіметі Өзбекстандағы толқуларға Ауғанстанда орналасқан исламшыл көтерілісшілердің қатысы болуы мүмкін деген хабарды жоққа шығарды


КАБУЛ. Бейсенбі күні Ресей қорғаныс министрі Сергей Иванов Өзбекстанның шығысындағы толқулар Ауғанстаннан ұйымдастырылған деген болатын. Ресейдің бұл мәлімдемесі “негізсіз” деп атап көрсетті Ауғанстан қорғаныс министрінің өкілі генерал Мохаммед Захир Азими.

- Ауғанстан қорғаныс министрлігі Ресейдің бұл жауапкерсіз мәлімдемесі Мәскеудің Орта Азия мен Оңтүстік және Шығыс Азия аймағында соқыр тәуекел әрекеттерінің басталғанын көрсетеді деп бағалайды, - деді Азими.
XS
SM
MD
LG