Accessibility links

Еуроодақ Түркияны өзінің кедендік одағына қабылдау туралы хаттама қабылдады


ЛЮКСЕМБУРГ. Еуроодақ басшыларының бейсенбі күні ашылатын жиынында соңғы жылдарда алғаш рет Түркияны Еуроодаққа қабылдау мәселесі талданбайды. Еуроодақ дипломаттарының мәлімдеуінше, бұл Еуроодақтың жаңа Конституциясы бойынша Франция мен Голландиядағы референдумдардың сәтсіз аяқталуына байланысты болып отыр. Бүгін Еуроодақтың сыртқы істер министрлері Кипрді қоса алғанда Еуроодақтың жаңа 10 мүшесімен бірге Түркияны да кедендік одаққа қабылдау туралы хаттаманы қабылдады. Енді Анкара бұл хаттамаға қол қойса, сол сәттен бастап, Түркияны Еуроодаққа қабылдау мәселесі бойынша 3 қазанда басталатын келіссөздердің барлық шарты дайын болады.
XS
SM
MD
LG