Accessibility links

Ирақта бүгін 2 полиция қызметкері қаза тапты


ТИКРИТ. Бүгін Ирақтың Тикрит қаласында жанпидашыл-лаңкес отырған автокөліктегі бомбаның жарылысынан Ирақ полициясының 2 қызметкері қаза болып, кем дегенде басқа 12 адам жараланды. Олардың көбі қала тұрғындары болатын. Өткен аптада Ирақ полициясы мен жауынгерлерін нысанаға алған осындай шабуылдардан 900-дей адам, негізінен бейбіт тұрғындар құрбан болды. Бағдадта полиция кем дегенде белгісіз 6 адамның мәйітін аңғарды. Оларды атып өлтіріп жерлеп немесе жол бойына тастап кеткен.
XS
SM
MD
LG