Accessibility links

Ливандағы парламент сайлауының кезекті турында сирияшыл саяси топ басым дауыс алды


БЕЙРУТ. Ливандағы парламент сайлауының жексенбі күні болып өткен үшінші турында жергілікті христиандардың лидері, бұрынғы генерал Мишель Аун бастаған саяси бірлестік жеңіске жетті. Бастапқы қорытынды бойынша, Аун мен оның одақтастары парламенттегі кем дегенде 14 депутаттық орынға ие болды. Оларға қарсы дауысқа түскен оппозицияның лидері Уалид Жумблат Мишель Аунның жеңісі Сирияның мүддесіне сай келеді деп мәлімдеп, оны “экстремист” деп айыптады. Ливандағы парламент сайлауының ақырғы кезеңі 17 маусым күні өтеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG