Accessibility links

Душанбе қаласында төтенше жағдайлар министрлігінің жанында екінші жарылыс болды


ДУШАНБЕ. Бүгін Тәжікстан астанасының орталығындағы төтенше жағдайлар бойынша министрліктің іргесінде қуатты жарылыс болды. Бастапқы мәлімет бойынша, көрші орналасқан банктің бірнеше қызметкері жараланды. Банк пен министрліктің ғимараттарына айтарлықтай нұқсан келді. Жарылыс болған жерде ішкі істер министрлігінің шұғыл тергеу тобы мен Тәжікстан прокуратурасы жұмыс істеу үстінде. Өткен наурыз айында дәл осы тұста автокөлік жарылып, көлікте отырған жанпидашыл-лаңкестің өзі қаза болған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG