Accessibility links

Бүгін Ирақтың бұрынғы диктаторынан өзі істеген көп қылмысының бірі бойынша жауап алынды


БАҒДАД. Бүгін Ирақ судьясы бұрынғы диктатор Саддам Хусеиннен оның өз өміріне қарсы 1982 жылы ұйымдастырылған сәтсіз қастандықтан соң ауыл-аймақта тұратын шийттерді қырып-жоюына байланысты жауап алды. Дужаилдегі бұл қырғын – С.Хусеинге тағылған ауыр айыптардың ішіндегі ең жеңілі. Әйтсе де С.Хусеинге қарсы сот процесінің бастапқы сатысында сынақ ретінде оның нақ осы қылмысы алынып отыр. Онымен қарама-қатар Ирақтың Бакуба қаласындағы бүгін болған атыста 4 полиция қызметкері оққа ұшты. Осы күні Тикрит пен Самарра қалаларында лаңкестердің шабуылдарынан кем дегенде тағы 7 полицей құрбан болды. Бағдадтың бір ауданында жол бойындағы бомбаның жарылысынан 2 тұрғын мерт болды.
XS
SM
MD
LG