Accessibility links

Ауғанстандағы АҚШ әскерінің автокеруеніне қарсы дүйсенбі күнгі шабуылды шетелдіктер ұйымдастарды


КАБУЛ. Бүгін Ауғанстан президенті Хамид Қарзайдың өкілі мәлімдегендей, елдің оңтүстігіндегі Қандағар қаласында АҚШ-тың әскери керуеніне қарсы бомба қойылған автокөлікпен жасалған шабуылды шетелдік содырлар жүзеге асырған. Осы шабуылдың салдарынан АҚШ-тың 4 жауынгері жараланған болатын. Бұл шабуылды Талибан қозғалысы өз мойнына алып отыр. Ал Газни қаласының маңында бүгін болған жаңа шабуылдың нәтижесінде АҚШ-тың тағы 4 жауынгері мен ауған тілмәші жарақат алды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG