Accessibility links

Германияда “Ансар Әл-Ислами” тобымен байланысы бар деген күдіктілер ұсталды


БЕРЛИН. Неміс полициясы “Ансар Әл-Ислами” тобына жатады деген күдікпен 3 Ирақ азаматын тұтқындады. Неміс прокуратурасының хабарлауынша, күдіктілер Нюрнберг, Мюнхен сынды бірнеше қалада жүзеге асырылған тінту барысында ұсталған. Бұл тінту – неміс полициясының “Ансар Әл-Ислами” тобымен ауыз жаласқандардың ізіне түсу шарасының соңғысы болған.
XS
SM
MD
LG