Accessibility links

Ирақтағы Күрдістан автономиясының президенті ант беріп, қызметіне кірісті


БАҒДАД. Бүгін Ирақта болған бомбалық шабуылдардан кем дегенде 23 адам құрбан болып, 50-ден аса кісі жараланды. Киркук қаласында жанпидашыл-лаңкес жергілікті банктен ақша алу үшін кезек күтіп тұрған, басым бөлігін шенеунектер құраған кем дегенде 18 адамды өлтірді. Бұл жарылыс – Масуд Барзанидің Ирақтың солтүстігіндегі үш облыста тұратын күрдтердің аймақтық президенті ретінде ант беруі алдында болды. Күрдістан парламенті “Күрдтердің демократиялық партиясының” лидері М.Барзаниді 4 жылдық мерзімге президент етіп сайлап, ол бүгін ант беріп қызметіне кірісті. Бакуба қаласында бомба қойылған автокөлікпен әскери күзетке жасалған шабуылдан Ирақтың 5 жауынгері қаза тапты. Каньян қаласының кіре берісінде болған бомба жарылысынан 1 жауынгер мен 2 тұрғын көз жұмды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG